Басты жаңалықҚоғам

Өскеменде әр сенбі сайын сенбілік өтеді

Өскемен қаласы тазалық пен жаңғыру айлығына қадам басты. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында облыс орталығында ауқымды жалпықалалық сенбіліктер сериясы басталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл шараның негізгі межесі – қаланы қоқыстан тазартып қана қою емес, Өскеменді тұрғындар мен қонақтар үшін барынша көрікті, таза әрі өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыру. Тазалық – мәдениеттің белгісі, ал ұқыпты қала – ортақ мақтанышымыз. Сондықтан қала әкімдігі өскемендіктерді сенбілікке қатысуға шақырады.

Құрметті қала тұрғындары, ұйымдар, кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері!

Баршаңызды жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз!

Аула аумақтарында, үйлердің маңында, дүкендер мен бизнес нысандарының айналасында тазалық жұмысын жүргізіп, қаламыздың көркеюі мен тазалығына өз үлестеріңізді қосуға үндейміз. Сенбіліктер 30 мамырға дейін әр сенбі сайын өткізіледі. Тазалық – ортақ іс. Қаламызды бірге көркейтейік!

Сіздің белсенділігіңіз – қаланың таза әрі көрікті болашағына қосылған үлес!, – делінген хабарландыруда.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button