Өскеменде ауа сапасы нашарлап кетті
Синоптиктер бүгін еліміздің өзге қалаларында да ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады

Өскеменде ауа сапасының нашарлап, аспанды түтін тұмшалағанына бірнеше күн болды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Өндірісті қаланың халқы да соңғы күндері ауаның ластанғаны қатты сезілгенін айтуда. Экологтар таратқан мәліметке сенсек, ауа құрамындағы күкірт диоксиді 2,784 ал, күкіртсутек 1,350 есеге дейін көбейген.
Ал «Қазгидромет» мекемесінің мамандары бүгін Өскеменнен өзге Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Семей, Риддер, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі – деп, ақпарат таратты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.



