Қоғам

Өскеменде «Жас бүркіт» өрендері өнер жарыстырды

Өскеменде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының оқушылары ән айтып, сахналық қойылым қойып сайысқа түсті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, онға жуық әскери-патриоттық клуб жас өрендері орындаған шығармалар Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналды. Шахардағы №49 мектепте өткен сайыста әділқазы алқасында төбе көрсеткен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев болды. Ол мектеп оқушылары арасында өтіп жатқан  көркемөнерпаздар байқауының маңыздылығына атап өтті.

«Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының оқушылары әрқашан әскери өмірмен тығыз байланыста. Олар үшін Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімі тұрақты түрде «Ашық есік» күнін ұйымдастырады. Кішкентай отанқорғаушылар әскери бөлімде заманауи қару-жарақ үлгілерімен танысып, түрлі ұрыс жаттығуларын тамашалайды. Ал, бүгінгі шарада оқушылар сахнадағы шеберліктерін ортаға салды. Менің ойымша, сахнада қаншама халықтың алдында жасқанбай, өз өнерін көрсету де батырлықтың бір белгісі, – деді Айдар Оразбаев.

Дәстүрлі түрде өтетін іс-шараға алпыстан астам мектеп оқушысы қатысты. Көрермен көңілінен шыққан өнерпаздың бірі Михаил Троеглазов болды. Ол көрнекті кеңес ақыны, прозашы Александр Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасының «Өткел» тарауын мәнерлеп жатқа оқыды. Қаладағы №39 орта мектеп оқушысының гитарамен сүйемелдеуіндегі шығармасына әділ қазылар алқасы жоғары бағасын берді. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы есепте «Айбын» әскери-патриоттық клубы жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер мен әрбір аталым бойынша үздік шыққандарға мадақтамалар мен кубоктар табысталды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button