Қоғам

Өскеменде көпбалалы отбасыларға 150 пәтер беріледі

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Кездесу ашық әңгіме форматында өтті. Қала әкімі аналарды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Кездесу барысында «JAN ANA» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гульжамал Бершимбекова көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Биыл бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, 150 пәтер көпбалалы отбасыларға беру жоспарланып отыр, – деді шаһар басшысы Алмат Ақышов.

Сондай-ақ, кәсіпкер Анастасия Масалимова мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселесін айтты. Қала әкімі бұл мәселеден хабардар екенін және өте өзекті екенін жеткізді. Қазіргі уақытта қалада балабақшалар салу бойынша инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Балабақша салуға ниетті екі инвестициялық жоба бар.

Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған жобалар туралы да айтылды. Әкім осындай белсенді аналардың бастамалары қоғам үшін өте маңызды екенін айтты.

Кездесу соңында аналар өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып, жылы тілектерін жеткізді. Осындай кездесулер қаладағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік бермек.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button