Қоғам

Өскеменде Наурыз мерекесіне орай бірнеше көше жабылады

Өскеменде 21-22 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне арналған дайындық және мерекелік іс-шараларға байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

21 наурыз күні Республика алаңында киіз үй қалашы орнатылады, сағат 06:00-ден бастап келесі көшелерде қозғалыс шектеледі:

  • Қазақстан көшесі (М. Горький көшесінен Қ. Қайсенов көшесіне дейін);
  • М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);
  • «Sulpak» дүкені бойындағы кіреберіс жол.
  • Сондай-ақ 21 наурыз күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Республика алаңы аумағында (С.Нұрмағамбетов көшесінен Қазақстан көшесіне дейін) жол жабылады.

22 наурыз күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін келесі көшелер жабылады:

  • Қазақстан көшесі (Қ. Қайсенов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
  • М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
  • С. Нұрмағамбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
  • Қазақстан көшесі (С. Нұрмағамбетов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін).
  • Сонымен қатар Қ. Қайсенов көшесінен М. Горький көшесіне дейін, Тохтаров көшесінен Қазақстан көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.
  • 22 наурыз күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін «Элегант» дүкені бойындағы жол (Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін) жабылады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button