Басты жаңалықҚоғам

Өскеменде өтетін Наурыз мерекесінің бағдарламасы

Биыл Шығыс Қазақстанның орталығы Өскемен қаласында Наурыз мейрамы ерекше форматта аталып өтпек, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ұлыстың ұлы күні 22 Наурызға дейін қала тұрғындары мен қонақтарын күн сайын жаңа тақырыптағы мәдени, спорттық және қайырымдылық шаралар күтіп тұр.

Мерекелік марафонның толық кестесі төмендегідей:

  • 17 наурыз – Шаңырақ күні
  • 17 наурыз күні сағат 11:00-де «Арбатта» отбасылық шеберлік сыныптары, ұрпақтар кездесуі және ұлттық жоралғылар көрсетілетін «Үлгілі отбасы» іс-шарасы ұйымдастырылады.
  • 18 наурыз – Ұлттық киім күні
  • Бұл күн ең жарқын сәттерге толы болмақ. «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында кешкі сағат 19:00-де ұттық киімдер дефилесі және «Наурыз Style» фотобайқауы өтеді.
  • Сондай-ақ, 18 наурызда №6 мектепте «Қош келдің Әз-Наурыз» атты концерт өтеді. Білім ордасында жәрмеңке ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Әзірленген Наурыз көжеден тегін дәм татуға болады.
  • 18 наурыз күні Аблакетка ықшам ауданында киіз үйлер тігіліп, Наурыз көже мен бауырсақ тегін таратылады. Халықтық серуен мен спорттық ойындар ұйымдастырылады.
  • 18 наурызда Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханада орнаментолог Ж.Мұратовпен «Оюлар сөйлейді» атты онлайн кездесу өтеді.
  • 19-20 наурыз – Жаңару және Ұлттық спорт күні
  • 19 наурызда сағат 10:00-де «Самғау» мәдени-демалыс орталығында Абай әндерін орындау және «Біз армандаған Қазақстан» атты көркемсөз шеберлерінің байқауы өтеді.
  • 19 наурызда «Император» сауда үйінде этнографиялық көрме өтеді.
  • 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
  • Сағат 11:00-де «Самғау» орталығында спорт сүйер қауым үшін асық ату, тоғызқұмалақ, бес тас, қазақша күрес және садақ атудан жарыс өтеді.
  • 20 наурыз күні 12:00-де Бажов көшесі 343/3 үйінің ауласында Наурыз мерекесі тойланады. Тұрғындар мен қонақтарға арналып, Наурыз көже мен палау әзірленеді.
  • 20 наурыз күні 15:00-де Бульвар Гагарин даңғылындағы 20-үйдің ауласында «Наурыз-2026» мерекелік іс-шарасы өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Әзірленген Наурыз көжеден тегін дәм татуға болады.
  • 21 наурыз – Ынтымақ күні
  • 21 наурыз күні сағат 11:00-де «Жібек жолы» сауда кешенінің аумағында мерекелік концерт ұйымдастырылады. Ыстық шай мен тәтті тағамдар әзірленіп, түрлі бағалы сыйлықтар таратылады.
  • 21 наурыз күні сағат 12:00-де Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі мен қаладағы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысуымен концерт болады. Өтетін орны Комендантка өзені бойы.
  • 21 наурызда сағат 12:00-де «Мелодия» сауда үйінің алдында «Наурыз-2026» мерекелік іс-шарасы өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Әзірленген Наурыз көжеден тегін дәм татуға болады.
  • 21 наурыз күні сағат 12:00-де «Өскемен» аллеясында «Наурыз мейрамы» концерті ұйымдастырылады.
  • 21 наурыз күні Бабкина Мельница кентіндегі «7-Я Маркет» жанында киіз үйлер тігіліп, кең көлемді концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылады.
  • 22 наурыз – Наурыз мейрамы
  • Сағат 90:00-де Республикалық алаңда 3000 адамның қатысуымен «Ақ бұлақ» әнін домбырада жаппай орындау флешмобы.
  • Сондай-ақ, орталық алаңдағы мерекелік іс-шаралар кешке дейін жалғасады. Театрландырылған қойылым қойылып, «Үздік киіз үй» байқауы ұйымдастырылады. Мерекелік жәрмеңкеде қолөнершілер де жасаған бұйымдарын саудалайды. Спорттық жарыстар өтеді.
  • 22 наурызда сағат 10:00-де ММҮ алдындағы алаңда да түрлі мерекелік шара мен жәрмеңке ұйымдастырылады. Ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Әзірленген Наурыз көжеден тегін дәм татуға болады.
  • 22 наурызда сағат 11:00-де Согра кентінде түрлі мерекелік шара ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Әзірленген Наурыз көжеден тегін дәм татуға болады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Өскемен қаласының әкімдігі ұлттық құндылықтарымыз ұлықталатын, ақ түйенің қарны жарылған берекелі мерекеге отбасыларыңызбен келіп, демалуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button