Басты жаңалықҚоғам
Өскеменде пеш жарылып, балалардың үстіне қабырға құлап кетті

Өскемендегі тұрғын үйде пеш жарылып, бір бала зардап шекті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Оқиға 28-ықшамауданында болған. Электр желісінің істен шығуы салдарынан пеш қызып, жарылған.

Зардап шеккен отбасыға қала әкімі Алмат Акышов барып, мемлекет тарапынан уақытша тұрғын үй ұсынылатынын айтқан.

Ал ықшамауданның электр желісіндегі мәселе 10 күн ішінде толық шешілетін болады. Қазіргі уақытта жарылыс кезінде үйде болған адамдар медициналық тексеруден өтуде.
Minut.kz



