Басты жаңалықҚоғам

Өскеменде соңғы күндері көмірге кезек көбейді

Өскемендіктер соңғы күндері көмір ала алмай жүргендерін айтып шағымдануда. Ала таңнан есік күзеткен ел кеше темір жол тұйығына мүлдем кіре алмапты. Кезек жылжымайды. Бүгін де жағдай солай көрінеді.

Кезекте тұрғандардың айтуынша, темір жол тұйығындағылар кейбір көліктерге рұхсат беріп, кейбірін мүлдем кіргізбей қойған. Араларында ауданнан келген азаматтар да бар. Олар кезектен айырылып қалмас үшін көліктерін түнде сонда қалдырып кетуге мәжбүр.

Көмір сатылатын тұйықта мұндай жағдай бұған дейін де болған. Қала әкімдігі Қаражыра кен орны көмір тиеген вагондарды кешіктіріп жіберетіні себеп деп түсіндірген.

Жалпы Өскемен халқы бір қыста 210 мың тонна көмір жағады. Оның 25 мың тоннасын әртүрлі әлеуметтік топтағы отбасылар алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button