Басты жаңалықҚоғам

Өскеменде соңғы оншақты жылда жөнделмеген жолдар жөнделді

Биыл Өскеменде 36 шақырым жол жөнделді. Тағы алты шақырым жолда құрылыс қарқынды, жақын күндері жөнделіп бітеді. Бұл жалпы ұзындығы 42 шақырым жол әуелден орта деңгейде жөнделеді деп жоспарланған болатын. Бұдан өзге қаладағы 46 шақырым жолға қиыршық тас төселуі тиіс еді. Ол жұмыс та аяқталып қалды. Қазір жұмысшылар қалған 8 шақырым жолдағы жұмысын істеп жатыр.

Ал көшелердегі шұңқырарды тегістеу бойынша жоспарланған 42100 шаршы метр аумақ толық жөнделді. Ендігі кезекте күзгі жауын-шашын ескеріліп, қосымша 4000 шаршы метр жердегі тесіктер тегістеліп жатыр.

Қала қазынасынан бөлінген қаражатқа көпқабатты үйлердің аулалары да жөнделуде. Жүзге жуық аулаға кіреберіс жердегі 39000 шаршы метр жол асфальтталды. Жалпы ұзындығы 4 жарым шақырымнан асатын жол жиегіндегі тастар жаңартылды.

Келесі жылы Жеңіс даңғылы мен Пермитин көшесі және Е.П.Славский жағалауындағы жол айырығын жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қилысында жол құрылыс жұмысы жалғасады. Бұл нысандарға қажетті қаражат берілген.

Тағы бір айта кететін жайт, биыл қала іргесіндегі ықшам аудандардардың күре жолына көп көңіл бөлінді. Соңғы оншақты жылда жөнделмеген Согра, Аблакетка сынды аудандардың жолы да биыл жазда толық жаңарды.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button