Басты жаңалықҚоғам

Өскеменде тағы бір көпір салынды

Өскемендегі 20-шағын ауданда көпір салынды. Бұл жолы елдімекеннің тұрғындары өздері белсенділік танытқан — деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ауыл болып асарлатып, өткелді тұрғызған. Ондағы халықтың айтуынша, құрылыс былтыр басталған. Кейін жеңіл көлікке арналған көпірден жүк көліктері де өте бастаған соң, биыл бетон құйып, мықтап бекітіпті.

Қыдырғазы Баймұратов Өскемен қаласының тұрғыны

— Көпірді қайта жөндедік. Құрылыс талабына сай бетон арасына арнайы темірді тоқып салып құйдық. Ондағы мақсатымыз оқыс жағдай болмасын дегеніміз. Әкімдіктің қолдауымен көпірге келетін жолға қиыршық тас жеткізілді. Оны осы көпірге дейін төсеп, жолды тегістедік. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Бұған дейін аудан ішіндегі бірнеше көше жөнделді. Асфальт төселді. Көше шамдары жаңарды. Бұл біздің игілігіміз үшін жасалып жатқан іс. Ал біз өз кезегімізде қолымыздан келгенше осы көпірге үлес қостық. Бұл халық пен билік арасындағы келісім мен үйлесімнің арқасы – дейді, Өскемен қаласының тұрғыны Қыдырғазы Баймұратов.

Көпір салған азаматтар өткелді алдағы уақытта да бақылап, өздері күтіп, қарап отыратындарына уәде беріп отыр. Өйткені бұл өткел ондағы тұрғында үшін өте маңызды.

Евгений Пискарев «Аумақтық басқару орталығы» КММ №6-филиалының директоры

Ал Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» КММ №6 филиалының директоры Евгений Пискарев:Көпірді арнайы комиссия тексереді. Себебі бұл жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қажет. Ары қарайғы әрекет жасалатын сараптама қортындысына сәйкес болады – деді.

Жалпы ауыл болып асарлатып салған көпірге 880 мың теңге жұмсалған. Ұйымдастырушылар ол қаражатты ондағы әр отбасыға бөліп, бірлесіп жинаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button