Қоғам

Өскемендегі Ертіс көпіріне асфальт төселді

Ертістің оң жағы мен сол жағын жалғап тұрған өткелге жөндеу жұмысы оқу жылы аяқтала салысымен басталады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ал қазір жұмысты бастауға күн-райының қолайсыздығы мүмкіндік бермейді. Екінші көлік нөпірі көп. Сондықтан қала билігі мектеп оқушылары жазғы демалысқа шығып, таңертең-кешке ағылатын көлік азайғаны жөн деп санайды. Өйткені, көпір жөндеуге жартылай жабылса, кептеліс көбейіп, жүргіншілерге қиындық тудырмақ.

Көпір бұған дейін қайта жөндеуден өтсе де асфальты ойылып, жүргізушілерге көп кедергі келтірді. Соған байланысты шағым айтушылар да жиіледі. Жауаптылар әзірге, жолды тегістеп, шұңқырларын бітеп, жол қауіпсіздігін уақытша қамтамасыз етіп отыр.

Қала билігі байланысты жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button