Білім

Өскемендік оқушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға кірісті

Өскемен қаласында «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында 8–11 сынып оқушылары арасында құқықтық челлендждің қалалық кезеңі басталды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Челлендждің ашылуы №46 орта мектепте өтті. Іс-шараға 100-ден аса оқушы қатысып, өз бастамаларын №40 жалпы білім беретін мектепке жолдады. Осылайша челлендждің алғашқы эстафетасы ресми түрде тапсырылды.

Аталған челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру, жеке жауапкершілік пен қоғамдық тәртіптің маңызын насихаттау, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Қатысушылар креативті форматта өз көзқарастарын білдіріп, күнделікті өмірде заң мен тәртіптің рөлін көрсетті. Іс-шара аясында оқушылар бейнероликтер, үндеулер мен әлеуметтік форматтағы жұмыстар ұсынды.

Құқықтық челленджге апта бойы Өскемен қаласындағы барлық жалпы білім беретін 52 мектеп қатысады.

Ұйымдастырушалыр бұл бастама оқушылардың азаматтық белсенділігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастырады деп сенеді. Сонымен қатар, қоғамда заңға құрметпен қарау құндылығы артады деген үміт басым.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button