Қоғам

Өскеменнің экологиялық жағдайы мәжіліс мінберінде айтылды

«Түтін тұтқынына» айналған Өскемендегі экологиялық жағдай бүгін мәжіліс мінберінде көтерілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Депутат Марат Башимов қала аспанын торлаған көк түтін мен ауадағы улы газдың мөлшері шектен асқанын айтып, үкіметтің әрекетсіздігін қатаң сынға алды.

Оның айтуынша, қаладағы ірі өндіріс орындарынан шығатын зиянды қалдықтар халықты тыныс алу жолдары мен созылмалы ауруларға душар етуде. Ауаның ластануы әсіресе, балалар мен қарттар үшін қиын. Халықаралық тәжірибеде экологиялық жағдай қиындағанда зауыттардың жұмысы тоқтатылып, тұрғындарға өтемақы төленеді. Ал бізде тек ескертумен ғана шектеліп отыр – деген мәжілісмен, үкіметке нақты сауал жолдады.

Марат Башимов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Өскемендегі ауа сапасын ластайтын заттарды азайтуға байланысты үкімет қандай жедел шешім қабылдайды? Нақты кәсіпорындардың жауапкершілігі қандай болмақ?, – деді депутат Марат Башимов.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button