Пәтерін жасырын жалға берушілерге айыппұл салынады

Қаржы министрлігі пәтерін салықсыз жалға беретін азаматтарға 60 мың теңгеге дейін айыппұл салынатынын ескертті – деп деп хабарлайды, Minut.kz тілшісі.
Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, алдымен тұрғындарға ескерту жасалып, бір ай ішінде тіркеліп, салық төлеу талабын орындауға мүмкіндік беріледі. Ал талап орындалмаса, 10-15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 39 мыңнан 59 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Мемлекеттік кірістер комитеті пәтер иелерін банктік аударымдар және учаскелік инспекторлармен бірлесіп анықтай алады.
Біржановтың айтуынша, жалға берушілер үшін салық төлеудің ыңғайлы тәсілдері бар. Ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ, жыл соңында декларация тапсырып, 10 пайызын төлеуге болады. Сондай ақ жеңілдетілген режимдер бойынша — 3% және 4% мөлшерлемелер қарастырылған.
Министрлік мәліметінше, елде заңсыз жалға берушілерді анықтау жұмысы күшейтіледі.
Жанель Жанболатқызы



