Қоғам

Павлодарда түзеу мекемесінің экс-бастығы 6,5 жылға сотталды

Павлодардағы №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін кінәлі деп танылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Колонияның экс-бастығы белгілі бір сыйақы үшін кейбір сотталғандарға жазасын өтеу үшін артық жағдай жасаған. Сондай-ақ, оның қызметтік ақпаратты жария етуге жол бергені де дәлелденді.

Сот айыпталушыны өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан, сонымен қатар подполковник арнаулы атағынан айырды. Оған 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button