Білім

Бұрынғы полицейлер мен судьялар мұғалім болып жұмыс істей алады

Оқу-ағарту министрлігі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрыққа толықтырулар әзірледі – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Құжатты талқылау «Ашық НҚА» порталында 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, сондай-ақ басқа да мамандықтар бойынша білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдарға білім беру ұйымдарына «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімі және педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымына орналасуға мүмкіндік береді, делінген бұйрық жобасында.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button