Қоғам

Пилотсыз жүк көліктері 2027 жылы іске қосылуы мүмкін

Пилотсыз такси жобасы 2027 жылы жүзеге асуы мүмкін. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, пилотсыз такси жобасында көрші Қытай елінің тәжірибесі басшылыққа алынады.

Нұрлан Сауранбаев ҚР Көлік министрі

2027 жылы алғашқы пилотсыз жүк көліктерін іске қосу жоспарда бар. Ал пилотсыз такси қызметіне келсек, жоба жоспарда бар. Заң жобасында пилотсыз таксимен бірге аэротакси мәселесін де қарастырғанбыз. Келесі жылы ол құжатты Парламентке енгіземіз. Біз заман көшінен қалмауға, жаңа технологияларды Қазақстан аумағында да қолдануға тырысамыз, — деді министр.

Бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі бар. Қауіпсіз болса, мәселе шешіледі. Пилотсыз таксидің пайда болуы да толыққанды мүмкін. Қытайдың Шэньчжэнь қаласында пилотсыз таксиге рұқсат етілген. Бірақ әзірше ішінде жүргізуші бірге отырады. Біздің ел де дәл солай біртіндеп алға жылжуды көздейді. Оның бәрі жолаушының қауіпсіздігі үшін жасалмақ.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button