Қоғам
Президент мемлекеттік рәміздердерді пайдаланатын азаматтар туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда мемлекеттік туды пайдалану жайына да тоқталды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Қазір қоғамда Қазақстанның мемлекеттік туын қайда және қашан қолдану жөнінде маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы мамандармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануда жеңіл-желпі қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуы тиіс, – деді, Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент Заңның түпкі мәнін терең түсіну керек дей келе, мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларды жөнімен пайдаланатын отаншыл азаматтарды барынша қолдау қажет екенін ерекше атап өтті.
Жанель Жанболатқызы



