Қоғам
Президент қайтыс болған фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі айтты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
– Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Бұған дейін Астананың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шеккенін жазған болатынбыз.
Жанель Жанболатқызы



