Басты жаңалықҚоғам

Прокурор Өскеменнің экс-әкімін 6 жылға соттауды сұрады

Өскемен қаласының бұрынғы әкімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот шешуші кезеңге таяды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бүгін өткен сот отырысында тараптар жарыссөзге шығып, мемлекеттік айыптаушы сотталушыға тиісті жаза мерзімін атады.

Мемлекеттік айыптаушы Тоғжан Әділбек соттан Жақсылық Омарды кінәлі деп танып, келесідей жаза қолдануды сұрады:

  • 6 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру;
  • «Құрмет» орденін қайтарып алу;
  • Қылмыстық жолмен табылған мүлік ретінде Toyota Camry 80 автокөлігін тәркілеу.
Тоғжан Әділбек Мемлекеттік айыптаушы

Ақтық шешім ретінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын және Toyota Camry 80 автокөлігі тәркіленсін, – деді прокурор өз сөзінде.

Сот барысында жәбірленуші судьядан экс-шенеунікті темір торға тоғытпауды, яғни бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Ал Жақсылық Омардың қорғаушылары мынадай уәждерді алға тартты:

  • Сотталушының артында 7 баласы бар;
  • Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жеңілдік жасау;
  • Бұрын сотты болмаған.
  • Адвокаттар бас бостандығынан айырудың орнына ірі көлемде айыппұл төлеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Еске сала кетейік, Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысының саяси сахнасындағы ең танымал тұлғалардың бірі болды. Ол ұзақ жылдар бойы Өскемен қаласын басқарып, кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Оған тағылған айыптардың нақты деталдары жемқорлық құқық бұзушылықтарымен байланысты өрбіген болатын.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button