Басты жаңалықҚоғам
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді
Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Нәтижесінде заңсыз айналымнан 340 қару және 2 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару болып шықты.
Алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, 70 атыс қару тәркіленді. Ал ел тұрғындары 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды.
Minut.kz



