Қоғам

Қаңтарда 3 мыңнан астам адам шекара заңын бұзды

Еліміздің шекара кеңістігінде 3 026 ҚР заңнамаларын бұзушылар ұсталды. Оның 2594-і шетел азаматы – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі таратқан ақпарат бойынша, мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

  • 25 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрілер);
  • 580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
  • 376 факті – жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 81 факті – жалпы сомасы 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесілді, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button