Басты жаңалықДенсаулық
Қарағандыда Ресейден әкелінген қызанақтан вирус табылды

Қарағанды облысында Ресейден әкелінген қызанақтан вирус табылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында көршілес елден әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алынды. «Фитосанитария» РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден карантиндік нысандар қатарына жататын қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталды.
Қазір әкімшілік іс материалдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Minut.kz



