Басты жаңалықҚоғам
Қарлы боранда жолға шыққандар 15 тәулікке қамалады

Күн-райының қолайсыздығына қарамай жолға шыққандар 30 АЕК айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамалады. Осы әрекет бір жыл ішінде қайталанса 15-20 тәулікке қамау жазасы қарастырылған.
Бұл норма «Жолдарда көлік қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидасын бекіту туралы» үкімет қаулысымен бекітілген.
Құжатқа сай тәртіп бұзған жүргізуші немесе жолаушы Әкімшілік кодекстің 667-бабы бойынша жазаланады.
Еске салайық, былтыр қыс айларында Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы әртүрлі маңыздағы жолдар 113 рет жабылған.
Жүргізушілерді жолдағы жағдайдан хабардар ету үшін 4 электронды табло орнатылған. Сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы ақпарат жеткізіліп, ұялы телефонға SMS хабарлама жіберіледі.
Жанель Жанболатқызы



