Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөзі басталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің келіссөзі басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесудің егжей-тегжейлі ақпараты сәл кейінірек жарияланады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.
Сапар барысында Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми пікіралмасуы кешкі ас үстінде жалғасты.
Жанель Жанболатқызы



