Басты жаңалықСаясат

Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастық туралы 15 құжатқа қол қойды

Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Бірлескен мәлімдеме қабылдады – деп хабарлады, Ақорда баспасөз қызметі.

Жалпы, Әзербайжан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіп қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды.

Ақорда
Ақорда
Ақорда
Ақорда
Ақорда
Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен кеше келген еді.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button