Экономика
Қазақстан Ыстықкөлдегі курорттық нысандарын дамытады

Бүгін Мәжіліс демалыс орындарына қатысты хаттаманы ратификациялады – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Қазақстан меншігіне Ыстықкөл аймағындағы 4 курорттық-рекреациялық шаруашылық нысаны кіреді. Олар ҚР Президентінің Іс басқармасы қарамағындағы “Қазақстан» санаторийі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің «Олимп» демалыс базасы.
Еліміз осы нысандарды 2029 жылдың соңына дейін 3 және 4 жұлдызды қонақ үй деңгейіне жеткізуі тиіс. Бұл міндеттеме орындалмаса, олар Қырғызстан меншігіне өтеді.
Minut.kz



