Қазақстанда әр балаға 131 доллардан аударылды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жыл үшін балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына 130,71 АҚШ доллары көлемінде қаражат аударылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
«Отбасы банк» мәлімдеуінше, бағдарламаға сәйкес, 18 жасқа толған қазақстандықтар бұл қаражатты бірден пайдалана алады. Биыл кәмелетке толған азаматтар жоғарырақ соманы шешіп алуға мүмкіндік алады.
Бағдарлама іске қосылған үш жыл ішінде әр баланың шотында 370,56 доллар жиналған. Бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсауға болады.
Банк ақпаратынша, кейбір азаматтар инвестициялық табыс есебінен жиналған қаржыны әлі пайдаланбаған. Бұл қаражат БЖЗҚ шоттарында сақталады, алайда оған қосымша табыс есептелмейді. Егер қаражат 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол азаматтың зейнетақы шотына аударылады.
Оқу-ағарту министрлігінің дерегіне сәйкес, Қазақстанда 6,9 млн бала бар. Бұл ел халқының шамамен 34 пайызын құрайды.
Minut.kz



