Қазақстандықтардың саны бір жылда 195 480 адамға артты

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 478 879 адамға жеткен – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басында Қазақстанда 20 283 399 адам тұрған. 2025 жылдың басынан бері халық саны 195 480 адамға көбейген.
Халық Алматы қаласында ең көп шоғырланған – 2 345 012 адам Одан кейін Түркістан облысы – 2 148 168 адам. Ал Астана қаласында – 1 630 640 адам тұрса, Алматы облысында – 1 592 652 адам қоныстанған екен.
Сондай-ақ тұрғындар саны миллионнан асатын өңірлер қатарына Шымкент қаласы (1 291 011 адам), Жамбыл облысы (1 215 892) және Қарағанды облысы (1 131 438) жатады.
Ел ең аз қоныстанған аймақтар: Ұлытау облысы – 219 200 адам, Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам, Абай облысы – 596 мың адам.
Minut.kz



