Экономика

Қазақстанға ЕО визасын жеңілдету бойынша келіссөздер басталды

Брюссельде Қазақстан азаматтарына визаны жеңілдету және реадмиссия жөніндегі келісімдерді талқылау басталды. Бұл бастаманы Ермек Көшербаев пен ЕО-ның жоғары өкілі Кая Каллас қолдады – деп хабарлады еліміздің Сыртқы істер министрлігі.

СІМ мәліметінше, келісім қабылданса, виза рәсімдеу уақыты қысқарып, құжаттар саны азаяды және алымдар төмендейді. Бұл студенттер, ғалымдар және мамандар үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Тараптар «Орта дәліз» жобасын да талқылады. ЕО Ақтау портына 10 млн еуро грант, ал ЕҚДБ порт инфрақұрылымын жаңартуға 35 млн доллар бөледі. Бұл жүк өткізу қуатын арттырады.

2024 жылы Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 50 млрд долларға жетті. Елде 4 мыңнан астам еуропалық компания жұмыс істейді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button