Қызылорда облысында криптовалюта арқылы есірткі саудасынан түскен табыс заңдастырылған

Қаржылық мониторинг агенттігі цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Агентіктің ақпаратынша, криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты. Күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.
Схемада шетелдіктердің атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған. Қылмыстық жолмен алынған тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік, отбасылық мейрамханаға тыйым салынды.
Іс сотқа жолданды. Екі күдікті қамауға алынды.
Minut.kz



