Қоғам
Референдум: 14 наурыз – Тыныштық күні

Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
- Оған сәйкес, 12 ақпаннан бастап 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізіледі.
- 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, референдум учаскелері шекарасы туралы мәлімет жарияланады.
- 22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізім ұсынылады.
- 27 ақпан – 4 наурыз аралығында азаматтар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
- 12-14 наурызда учаскелерге бюллетеньдер жеткізіледі.
- 14 наурыз – Тыныштық күні.
- 15 наурыз – Дауыс беру күні.
Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, референдум өткізуге 20,8 млрд теңге қажет. Бұл қаражаттың шамамен 75 пайызы жалақыға жұмсалады.
Minut.kz



