Қоғам

Референдум қортындысы шықты

Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасына қатысты өткен референдумның түпкілікті қортындысын шығарды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Комиссия төрағасының мәлімдеуінше, Референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жалпы саны 12 млн 482 мың 613 адам. Дауыс беруге 9 млн 127 мың 192 адам қатысқан.  Бұл референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құраған.

Жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан 7 млн 954 мың 666 адам немесе 87,15 пайыз болды.

Референдумға қойылған мәселені қабылдамаған азаматтар саны – 898 099 адам. Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны – 127 868. Белгіленбеген үлгідегі сондай ақ дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 146 558.

Республикалық референдум туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады.

Бұл ретте әр өңірде осы шешімді жақтап, азаматтардың басым көпшілігі дауыс берді. Осылайша Республикалық референдум туралы заңнамадағы елдің 20 өңірінің 3-тен 2-сінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамының оң шешімді жақтап дауыс беру туралы талап сақталды. Сондықтан Жаңа Конституция қабылданды деп танылады, – деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button