Экономика

Ресей салық мөлшері тағы көтерілуі мүмкін

Келер жылы Ресей қосылған құн салығын көтеруді көздеп отыр. Бұл өзгеріс көрші елді әлемдегі ең жоғары төлем талап ететін 10 елдің қатарына енгізеді – деп хабарлайды, Minut.kz тілшісі.

Мұндай хабарды Гайдар институтының сарапшылары таратты. Ресейде соңғы 7 жылда салық мөлшерлемесі екі рет өскен. Елде сатылатын барлық тауарлар мен қызметтердің бағасына енгізілген және федералдық қазынашылық кірістің 40 пайызын құрайтын негізгі салық қазіргі 20-дан 22 пайызға дейін көтеріледі.

Жаңа салық арқылы Қаржы министрлігі бюджетке қосымша 1,4 трлн рубль жинауды жоспарлап отыр. Оның әрбір үшінші рублі соғысқа жұмсалады. Бұл — Кеңес Одағынан бергі рекордтық көрсеткіш.

Ресей салығынан жоғары көрсеткіш — Словакия мен Ирландияда, 23 пайыз. Содан кейін — Эстония мен Грекияда. Дания, Хорватия және Швецияда —  25 пайыз. Ресеймен көрші Қытайда қосылған құн салығы небәрі 13. Жапонияда -10, ал Біріккен араб әмірліктерінде 5 пайыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button