Басты жаңалықСаясат

Сайлауға байланысты дауыс беру бөлімшелер ашылды

Қырғызстандағы парламент сайлауына байланысты Қазақстанда қосымша сайлау учаскелері ашылды – деп деп хабарлайды Minut.kz тілшісі, ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 5 қарашада Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында қосымша үш сайлау учаскесін құру туралы қаулы қабылдады.

Шетелде тұратын және өзге елде жүрген қырғыз азаматтары үшін мерзімінен бұрын парламент сайлауында дауыс беру үшін әлемнің 34 елінде 100 сайлау учаскесі ашылған.

Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының мәліметі бойынша, барлығы 589 кандидат ұсынылды, оның 365-сі – ер адам, 224-і – әйел. Кандидаттарды тіркеу 9 қарашаға дейін жалғасады. Үгіт-насихат науқаны 10 қарашадан басталады.

Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы мерзімінен бұрын парламенттік сайлауға 127 халықаралық бақылаушы аккредиттеді.

Еске салсақ, Қырғыз Республикасы Президентінің 30 қыркүйектегі жарлығымен Жогорку Кенеші депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауы 2025 жылдың 30 қарашасы, жексенбі күні өткізілетіні бекітілген болатын.

Ал парламенттің өзін-өзі таратуына келесі парламент сайлауы Президент сайлауымен қатар өтетіндігі себеп болған.

Екі ірі оқиға көптеген қиындық пен проблема тудырады, оның ішінде саяси және экономикалық жағынан да, – деп түсіндірген еді, Қырғызстанның Жогорку Кенешінің спикері Нұрланбек Тұрғынбек уулу.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button