Басты жаңалықЭкономика
Салымшыларға сыйақыны мемлекет төлемейтін болды

Мемлекет «Отбасы банк» салымшыларына жыл сайынғы сыйақыны төлемейтін болды.
Енді «Отбасы банк» салымшыларына берілетін сыйақы банктің өз қаражаты есебінен беріледі. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты.
Сөзінше, банк құрылған 12 жыл ішінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 900 млрд теңге бағытталған. Алдағы үш жылдық бюджетте банкке тағы 210 млрд теңге қарастырылған.
«Олар салымшылар санын 10 есе арттырып, қазір олардың саны 2,1 млн адамға жетті. Бұл мемлекеттік банк, қаржылық тұрғыдан тұрақты. Сыйақыны қаржыландыру банктің өз есебінен жүзеге асырылады деген шешім қабылданды», – деді министр.
Осылайша үкімет бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтпақшы.
Жанель Жанболатқызы



