Қоғам

Сатып алушы тауар сапасына күмәнданса қайтарып беруге құқылы

Тұтынушының тиісті сападағы тауарды айырбастау немесе қайтарып беру құқығы бар. Бұл туралы ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті хабарлайды.

Департамент өкілдерінің мәлімдеуінше, әр адамның өмірінде кем дегенде бір рет дүкенге ұнамайтын немесе қандай да бір себептермен қажет емес затты айырбастауға немесе жалға алуға тура келетін жағдай болады. Сондықтан мұндай жағдайларда айырбастау немесе қайтару процесі дұрыс өтуі үшін азамат өз құқығын білген абзал.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 14-бабына сәйкес сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап 14 күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.

Бұндай жағдайларда айырбастау «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.

Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтарып беруге және оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы.

Егер шартта өзгеше тараптар көзделмесе, тауарды сатып алу орны айырбастау немесе қайтарып беру орны болып табылады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button