Қоғам

Семейдегі өрттен зардап шекенедердің жағдайы тұрақты

Енді өзге де ойын-сауық орталықтарының қауіпсіздік жайы тексеріледі

Семейдегі өрттен зардап шегіп, жансақтау бөліміне жатқызылған науқастың жағдайы тұрақты – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Дәрігерлер денесінің 8 пайызын күйік шалған бала да госпитальде тиісті ем қабылдап жатқанын айтты. Қазір жеткіншектің денсаулығы қалыпты. Түтінге уланып, ауыр жағдайда жеткізілген науқас бүгін жай палатаға ауысты.

Жасұлан Сәбитов Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Барлық науқастардың жағдайлары жақсы. Тиісті емдерін алып жатыр. Гемодинамикалары қалыпты, – деді Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов.

Айта кетейік, кеше түнде «Бала Парк» ойын-сауық орталығында өрт болып, қызыл жалын 3 мың шаршы метрден астам аумақты шарпыған. Салдарынан ғимараттың шатыры ортасына түскен. Ал ондағы адамдардың бәрі қашып шығып үлгерген. Барлығы 11 адам дәрігер көмегіне жүгінгенімен, 4 ересек пен бір бала ауруханаға жатқызылған болатын.

Өртті өшіруге 20-дан астам арнайы техника мен 120 өрт сөндірші жұмылдырылған. Қазір қылмыстық кодекстің «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. Төтенше жағдайдың нақты себебі мен келтірілген шығын көлемі сараптама қортындысынан кейін белгілі болады. Осы оқиғадан кейін, қаладағы өзге де ойын-сауық орталықтарының қауіпсіздік жайы тексерілмек.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button