Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев шығыс халқымен кездесті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев келді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Әшімбаев мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті.
Кездесу тақырыбы – «Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді дамудың берік негізі». Сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындап берген реформалардың басым бағыттары, Ата Заңның негізгі жаңа нормалары және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы бірлескен жұмыс тетіктері талқыланды.

Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін ауқымды және кешенді жаңғыртуға арналған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүддесі мен құқықтарына табан тірейді. Жалпы, бұл шешім – заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат Төрағасы өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетіне ерекше назар аударып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сын-қатерлерге де тоқталды.
Minut.kz



