Шавкат Мирзиёев референдумның табысты өтуімен құттықтады
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қазақ елін жаңа Конституция референдумының табысты өтуімен құттықтады референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Шавкат Мирзиёевтың айтуынша, дауыс беру нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім білдіретінін көрсетеді.
Өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесіне қолдау білдіргені үшін және халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция заман талабына сай келетінін және елдің орнықты әрі жан-жақты дамуына негіз болатынын атап өтті.
Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-өзбек қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Президенттер бұған дейін қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуын оң бағалап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Minut.kz



