Басты жаңалықҚоғам

Алтын адам табылған Шілікті ауылы интернетке қосылды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шілікті ауылы интернетке қосылды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Шілікті – алтын адам табылған тарихи мекен. Елімізге танымал елдімекен халқы енді ұялы байланыс пен интернет желісінің игілігін емін-еркін көретін болды. Ауыл іргесіне орнатылған 15 метрлік антенна-мұнаралық қондырғы толықтай аудан әкімдігінің балансына берілді. Ұялы байланыс операторы анықталды.

Сурет ШҚО Әкімінің ресми парақшасынан алынды

Байланыс нысанының іске қосылуына Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызымен бірге ауданға арнайы жұмыс сапармен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қатысты.

Сурет ШҚО Әкімінің ресми парақшасынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп бекітті. Бұл бағытта өңірде жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Облысымызда 357 елдімекен бар. Соның 98 пайызы интернетпен қамтылған. 14 антенна-мұнаралы қондырғы орнатылды. Соның бірі Шілікті ауылында іске қосылды. Интернет байланысының игілігін ауыл халқы көреді. Президентіміздің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы өңірде толық жүзеге асады. Алдағы бір-екі жылда өңірдегі барлық елдімекен интернетке қосылады, – деді аймаө басшысы Нұрымбет Сақтағанов ауыл халқымен кездесуінде.

Жалпы бұл жоба ауылдардағы телекоммуникацияны дамыту жолындағы маңызды қадам екенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, халықтың күнделікті тұрмыс сапасын жақсартуға және ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button