Басты жаңалықСаясат

ШҚО әкімдігі мен Омбы Үкіметі ынтымақтастық туралы келісім жасасты

Шығыс Қазақстан мен Омбы облыстары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі, ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай.

Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға Орал қаласында өткен халықаралық форум аясында қол қойды.

Сурет ШҚО әкімдігінің ресми парақшасынан алынды
Сурет ШҚО әкімдігінің ресми парақшасынан алынды

Құжат экономикалық және инвестициялық бағыттардан бастап, әлеуметтік, гуманитарлық және мәдени салаларға дейінгі кең ауқымды ынтымақтастықты көздейді. Екіжақты келісім өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы бағыттарды қамтиды. Бұдан өзге туризм мен спорт, мәдениет, гуманитарлық және жастар бағдарламалары, бизнес, инвестициялық жобалар мен іскерлік миссияларды қолдау туралы уақдаластық жасалды.

Сурет ШҚО әкімдігінің ресми парақшасынан алынды
Сурет ШҚО әкімдігінің ресми парақшасынан алынды

Қол қойылған келісім бұл әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай жобалар аясында тәжірибе алмасу, бизнес-миссиялар мен ғылыми-тәжірибелік кездесулер өткізу, жаңа туристік бағыттар мен мәдени бастамаларды дамыту көзделіп отыр.

Қос тарап та екі өңір тұрғындарының мүддесі үшін жобаларды дамытуға дайын екендіктерін мәлім етті.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан мен Омбы облыстарының сауда-экономикалық және достық байланыстарының тарихы тереңде жатыр.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button