Басты жаңалықСаясат

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов елші Ульрих Киннемен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Киннемен және неміс компанияларының өкілдерімен кездесті – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Тараптар экономикалық әріптестік, инвестициялық жобалар және инновациялық бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сурет ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды

«Германия облысымыздың маңызды технологиялық және экономикалық серіктесі. Қыркүйек айында аймаққа Германия Елшісінің сапары екіжақты диалогты күшейте түсті. Өңір экономикасының негізгі бағыты – металлургия. Шығыс Қазақстан облысында 70-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен туризм салалары да қарқынды дамып келеді,» – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу барысында әкім неміс кәсіпкерлерін облыс аумағында түрлі жобаларды қолға алуға шақырды. Олар да өз қызығушылықтарын білдірді. Кездесу екіжақты серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Сурет ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды
Сурет ШҚО әкімінің ресми парақшасынан алынды

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 39,5 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button