Саясат
ШҚО әкімі облыс халқына үндеу жасады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 15 наурыздағы жалпыхалықтық референдумға орай өңір жұртшылығына видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Алдымызда ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды кезең тұр. Жаңа Ата заң жобасында «Әділетті Қазақстан» құндылығы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, Отанымыздың демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ұғымдары айқын көрініс тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, біз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаймыз!, – деді ол.
Аймақ басшысы облыс тұрғындарын референдумға қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырды.
Жанель Жанболатқызы



