Басты жаңалықЭкономика
ШҚО-да 100-ден аса тексеріс заңсыз жүргізілген
Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы 3 776 тексеріс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 73% көп – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бизнеске негізсіз араласудан қорғау мақсатында ШҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Департаменті 28 тексерісті тіркеуден бас тартқан, 138 заңсыз тексеріс анықталған.
Мысалы, тек ШҚО бойынша ҚР МНЭ Табиғи монополияларды реттеу департаментімен 2025 жылы 54 тексеріс жүргізілген, тіркеуге актілер қосылмаған, олардың 42-сі жеке бизнеске қатысты.
Мониторинг қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жоюға 9 ұсыныс енгізілді, 10 тәртіптік іс қозғалды және 23 әкімшілік жауапкершілік ісі жүргізілді. Жалпы 41 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Minut.kz



