Басты жаңалықҚоғам

ШҚО-да екі лауазымды тұлға жемқорлықпен ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдікті жол құрылысы компанияларының және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасында заңсыз сыйақы алған. Тінту барысында тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленді.

Сондай-ақ осы өңірдің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған, – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button