ШҚО-да қалдықты қайта өңдеуге шетелдік инвесторлар тартылады
Шығыс Қазақстан облысында қалдықтарды қайта өңдеу саласына шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үкімет отырысында өңірдегі қалдықтарды басқару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндау барысында айтты.
Ол қалдықтарды басқару мәселелері аймақ үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.
Өндірістік кәсіпорындардан 2 млрд тоннадан астам техногенді минералдық түзілімдері заманауи есепке алуды, қауіпсіз сақтауды және қайталама айналымға тартуды талап етеді. Сонымен қатар облыс халқы жыл сайын 300 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар жиналады, — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Оның айтуынша, өңірде қалдықтарды қайта өңдеу үшін Германия, Қытай және Швейцариялық инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және сұрыптау ұйымдастырылған. 2026 жылдан бастап коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша цифрлық орта құру жоспарлануда.
Жанель Жанболатқызы



