ШҚО-да тағы бір спорт кешені пайдалануға берілді
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Жанұзақ ауылында спортзал пайдалануға берілді – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Кешеннің жалпы аумағы 400 шаршы метрден астам. Ғимаратта жаттықтырушы кабинеті қыздар мен ұлдарға арналған киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер бөлек-бөлек қарастырылған.

Спортзал тиісті құрал-жабдықтармен және барлық қажетті инженерлік желілермен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жыл қарсаңында ауылдағы мектеп оқушылары үшін үлкен сый болды.
Жобаның жалпы құны – 102 млн теңгеге жуық. Құрылысқа қажетті қаражатты облыстық блім басқармасы бөлген. Бас мердігер – «Древстроймаркетинг» ЖШС.

Осы спортзалдан әлемдік додаларда көк туымызды желбірететін чемпиондарымыз шықсын! Ең бастысы, балаларымыз денелерін шынықтырып, жан-жақты дами берсін! Бүгінде Ұлан ауданындағы 32 мектептің ішінде спортзалы жоқ 3 білім ордасы қалды. Алдағы уақытта оларға да осындай спортзалдар саламыз, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Айта кетейік, аталған жоба өңірдегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға, балалар мен жасөспірімдер үшін денесін шынықтырып, спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жанель Жанболатқызы



