Басты жаңалықҚоғам

ШҚО тұрғындары Гиннес кітабына енуге дайындалып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Гиннес рекордтар кітабына енуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Халық Өскемен қаласында Наурыз мерекесін тойлау кезінде ерекше рекорд орнатуды мақсат етіп отыр. Жоспар бойынша, үш мыңнан астам адам бір мезгілде домбыра тартып, әйгілі қазақ әні Ақ бұлақты орындайды.

Әнді орындау 22 наурыз күні сағат 09:00-де қаланың орталық алаңында өтеді. Арнайы комиссия келіп, нәтижені тіркеп, кейін Guinness World Records-қа өтінім беру үшін рәсімдейді.

Акцияға кез келген шығысқазақстандық қатыса алады. Ол үшін 21 наурыз күні сағат 15:00-де орталық алаңда болатын дайындыққа қатысу міндет. Қатысушыларға ұлттық киім киіп, әннің сөзі мен әуенін алдын ала жаттап алу талабы қойылады.

Жанель Жанболатқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button