ШҚО «ВИЧ» індетін жұқтыртыру қаупі жағынан қызыл аймақта

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері ВИЧ індетін жұқтырған 246 жағдай тіркелді. Яғни, өңірде адамның иммун тапшылығы вирусы жоғары қарқынмен таралған – деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Облыс бірнеше жыл бойы осы вируспен ауырғандар көрсеткіші бойынша елде Қарағанды облысынан кейін екінші орында тұр. Сондықтан аймақта аурудың қауіптілігі жағанынан қызыл деңгей сақталған. Қазір қауіпті дертке шалдыққан 3 мыңнан астам адам диспанцерлік есепте. Бір өкініштісі індет жастар арасында көптеп кездесуде.

— Ауру 15-тен 49-ға дейінгі жас аралықта тіркелуді. Яғн, бізде жастар арасында көбінесе таралады. Сонымен қатар, дерт жұқтырған шетелден келген азаматтар да бар. Оларды да біз диспанцерлік есепке аламыз. Дегенмен былтырғыға қарағанда қауіпті дертті жұқтырғандар 31 адамға азайды, – деді ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің басшысы Аяулым Әукенова.
Дәрігерлер ауру кез-келген адамда анықталып жатқанын айтады. Яғни сотталған немесе есіркі қабылдайтын адамдарда ғана кездеседі деген бұрынғы түсінік қазір жоқ. Биыл ВИЧ індеті салдарынан 12 адам көз жұмған. Ал жалпы Шығыс Қазақстанда соңғы 30 жылда 6 мыңға жуық адам ауру жұқтырған. Оның 4 мыңға жуығы ер адам.
Айта кетейік, қазір дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы науқан өтіп жатыр. Бұл шара 10-қарашадан 10-желтоқсанға дейін жалғасады. Осыған байланысты орталықтың мамандары түрлі ортада дәріс өткізіп, акция ұйымдастыруда. Ақхалаттылардың мақсаты — ауруды неғұрлым азайтып, жолын кесу.
Minut.kz



